Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Құрметті мұсылман бауырлар! Ата дініміздің жанашырлары!
Тәуелсіз Қазақстан – зайырлы мемлекет. Алайда, Ислам дінінің ұлттық тамырымыздың алтын өзегі екеніне ешкімнің күмән келтірмейтіні анық. Аллаһ қаласа, биылғы жылдың қасиетті Рамазан айында Қазақстанда тұңғыш рет ислами ағартушылық бағыттағы «Асыл арна» телеарнасы өз жұмысын бастамақ. Телеарна Қазақстан мұсылмандары Діни Басқармасының қолдауымен және Бас Мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей қамқорлығымен ашылуда.
Жалғасын оқу…
Серік Мақұлекұлы (лирик ақын)
Рас, сіз менен гөрі дұрыстаусыз,
Сүрудесіз өмірді ұрыс-даусыз.
Менен артық жаратқан Аллаңызға,
Сәжде жасап қоюға тырыспаусыз.
Менен гөрі қамқорсыз, бауырмалсыз,
Түтіні түзу ұшқан ауылдансыз.
«Шүкірліктің үлкені – намаз» деген,
Қалайша шүкірі жоқ қауымнансыз?
Жалғасын оқу…
* ӘЙЕЛ : оның ер кісілермен арадағы әдептері. Қасас:23-25.
* ӘЙЕЛ: оның ер кісілермен арадағы әдептері: қылымсымай сөйлесу. Ахзаб:32.
* ӘЙЕЛ: оның ер кісілермен арадағы әдептері: бүркену. Нұр:31.
* ӘЙЕЛ: оның ер кісілермен арадағы әдептері: көзді төмен салу. Нұр:31.
* ӘЙЕЛ: оның ер кісілермен арадағы әдептері: салиқалылық. Нұр:31.
Жалғасын оқу…
Ассаламу алейкум, «ИМАН» блогының қолданушылары! Сіздермен сұхбаттас болғанымызға да міне 14 айдың жүзі болып қалыпты. Бір жылдан асқан осы уақыт ішінде қазақ тілді діни-рухани ресурстардың бірі болып есептелетін біздің блогта жазылған мәліметтер едәуір өсті, көбейді. Аллаһтың қалауымен тұрақты қолданушыларымыз пайда болды.
Жалғасын оқу…
авторы: Серік Мақұлбекұлы Қалиев (лирик ақын)
Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті,
Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Түртінектеп жүрді де тіршілікте,
Ақіретін ойламай мұңсыз кетті.
Көшер–көшпес көңілден…
Көзден кетті.
Жұрты айтқан жылы–жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ–абырой, мал–мүлік жинап еді,
Бәрі қалып, қос құлаш бөзбен кетті.
Жалғасын оқу…
аударма авторы: Илияс Сырым (жорналшы)
Ақпан жақындаған сайын, дүкеншелер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, «Қасиетті Валентин күнінің» тойлануы үшін қолданылатын ленталар мен басқа да түрлі-түсті заттарға толып қалатынына да көз үйренді. Алайда, бұл жасанды мерекенің қазаққа қаншалықты жақындығы және қажеттілігі бар еді деген ой - ақылды адамды бейжай қалдырмайтыны да шындық.
Жалғасын оқу…